Түркістанда «Ауыл — мәдениеттің бастауы» облыстық байқауы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Ауыл — мәдениеттің бастауы» облыстық байқауы басталды

Бүгін Түркістанда «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар арасындағы облыстық байқау басталды. Байқауға жалпы 174 мәдениет ошағы қатысуға өтініш білдірген. Оның 90-ы ауылдық мәдениет үйі болса, 84-і ауылдық клуб.

Аталмыш сайыстың талаптары мен шарттарына сәйкес, бүгін Арыс қалалық мәдениет үйіне қарасты «Байырқұм» және «Моңтайтас» ауылдық клубы мен Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты мәдениет ошақтары қатысты. Жалпы 15 ауылдық мәдениет үйінің басшысы мен ауылдық клуб меңгерушісі таныстырылым қорғады.

Байқауда ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісінің иегері Асылхан Темірхан, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы, республикалық «Формат-Е» мәдени-даму оқу әдістемелік орталығының директоры Ерлан Ауесбаев және Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының мәдени ұйымдастырушы маманы Зағипа Өмірзақова төрелік етуде.

Қазылар ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысын жақсарту бойынша, олардың жергілікті жерлерде халық шығармашылығының жанрларына сай түрлі байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыруына, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысуына, мәдениет ошағындағы іс-құжаттарының жүргізілуіне, көркемөнерпаз ұжымдары мен түрлі үйірмелердің және «Халықтық» атағы бар ұжымдардың жұмыс деңгейіне, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың ішкі және сыртқы көрінісіне (көрермен залы, үйірме бөлмелері мен сахнасы, фойесі байқауға лайық безендірілуі, әдістемелік бөлмелердің жұмысы), мәдениет ошағының техникалық базасына бағасын береді.

Байқаудың мақсаты – халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру мен халық шығармашылығын дамыту, ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысына қолдау көрсету, олардың іс-тәжірибелерін насихаттау.

Айта кетейік, облыстық мәдениет және туризм басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан байқау 13 қазанға дейін «Ұлы дала елі» орталығында жалғасады. Жеңімпаз атанған мәдениет ошақтарына Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...