Түркістанда «Әкім кубогы-2023» үшін республикалық жайдарманшылар ойыны өтті

Республика күніне орай Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы әкімінің кубогы үшін республикалық «JAIDARMAN» ойыны өтті. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Есен Елеукенге алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.

Жайдарман сайысы – еліміздегі ең алғашқы жастар арасындағы әзілден құралған ойын түрі. Жайдарманның ең басты ерекшелігі өз шығармашылығына жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында.

Қазіргі таңда облыста 142 жайдарман командасы бар. Облыс көлемінде биыл жастардың қатысуымен 534 жайдарман ойыны өткізілді. Кезекті шараға республикамыздың әр өңірінен келген, Жайдарман сайыстарында жоғары деңгейде ойын көрсетіп жүрген 10 команда қатысты.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық жастар ресурстық орталығы және Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған тартысты сайыстың нәтижесі бойынша «ЖУАЛЫ»(Жамбыл облысы) командасы I орын – 1 000 000 тг, «Алатау SU»(Алматы қаласы) командасы ІІ орын – 700 000, «ЭВЕРЕСТ»(Алматы қаласы) командасы III орын –500 000 тг иеленді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық бизнес-форум өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» украиналық «UBC» компаниясының серіктестері және инвесторларымен бизнес-форум өтті. Халықаралық форумға Украина, Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан ...

Әлемдік көшбасшы компания Түркістан облысында тоңазытқыш шығаратын зауыт ашты

Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Шағын өнеркәсіптік парк аумағында «UBC» халықаралық компаниясының тоңазытқыш шығаратын «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» зауыты іске қосылды. Зауыттың ...