Төлеби ауданындағы саябақ аумағына 1200 көшет отырғызылды

Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында бір ай бойы сенбілік өткізу жоспарланған.

Жоспарға сәйкес, 12 ауылдық округ, 1 қала территориясында тұрғындар мен еріктілердің қатысуымен тазалық шарасы өтті. Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тапсырмасына сәйкес, аудан орталығындағы «Төлеби саябағы» аумағын көркейту, көгаландыру мақсатында 3800 ағаш егу қолға алынды.

Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 30 секторға бөлінген. Саябақ аумағын жасыл желекке орау, экологияны жақсартуға бағытталған іс-шарада қарағаш, яссин, каштан, катальпа ағаштарынан 1200 көшет отырғызылды. Сондай-ақ сенбілік барысында әрбір ұжым өзіне тиесілі аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Егілген көшеттерді күтіп-баптау мақсатында автоматтандырылған суғару жүйелері орнатылып, су ұңғымалары қазылған. Сонымен қатар орталықтың гүлденуін жандандыру жұмыстары күнделікті «Саябақтары» КММ-сі жүргізеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...