Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40 орындық 9 автобус бөлінген болатын. Бүгінде штаттық кестеге сәйкес, 730 оқушы аталған 9 автобуспен мектепке қатынаса, 805 оқушыны «ЯНС» ЖШС-мен келісім-шарт арқылы тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептен шалғайда тұратын 1 535 оқушы автобуспен тегін тасымалданып отыр.

Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданындағы №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебі, №104 негізгі орта мектебі және №12 Т.Рүстемов атындағы мектеп гимназиясының шалғайда тұратын оқушылары жаңа берілген автобустармен қатынап оқып жүр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...