«Қылуеттің» іші ерекше үлгіде жасалады — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қылуеттің» іші ерекше үлгіде жасалады

500 орындық заманауи мешіттен және медеседен тұратын «Қылует» рухани орталығының ішкі дизайны да ерекше болмақ. Теңдесі жоқ бірегей жобаның құрылыс сапасы – басты назарда. Құрылыстың бірінші кезеңі аяқталған. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның құрылысы бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Жер асты мешітінің ішкі инфрақұрылымы тартылған. Қасбеті ақ мәрмәрмен қапталады. Бүгінде ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарына күш салынған. Оның сәулеттік келбеті мен безендірілуі негізгі классикалық қалыпты сақтай отырып, ерекше жаңа стилде жасалған. Мешітке қазақтың бай ою-өрнектері қолданылған.

Басқосуда 4 мың шаршы метрден асатын мешіт аумағын абаттандыру жұмыстары талқыланды. Мешіттің құрылысы бойынша дін өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ескерілуде.

Айта кетейік, бұл орталық толығымен демеушілердің қаржысымен тұрғызылуда. Жалпы мешіттің құрылысына еліміз бен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасап отыр. Діни ғимарат 1 гектарға жуық аумақта орналасқан. Рухани орталықтың көлемі 3 мың шаршы метрге жуық. Жерасты мешітінің қасынан қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе орналасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...