Қоғамды өзгерткіміз келсе өзгерісті өзімізден бастағанымыз жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дәстүрлі Жолдауын: «Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын. Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!», -деген пікір білдірді.

Жолдаудағы үндеу мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың ұстанымына айналса қанекей?! Президент нақтылаған тапсырмалар барлық деңгейдегі атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға жаңа бағдар белгілеп берді. Әйтсе де, ел мүддесі жеке мүддеден биік болған жерде ғана әділдік болатынын ешқайсымыз ұмытпауымыз қажет. Қоғамды өзгерткіміз келсе өзгерісті өзімізден бастағанымыз жөн.

Қабылбекова Гаухар Нұрмаханқызы,
Журналист

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...