Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық кеңес өтуде

Облыс орталығында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сондай-ақ, «TURKISTAN INVEST» ЖШС ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның сараптамалық кеңесі өтуде. Екі күнге созылған отырыс сараптамалық кеңес форматында жалғасуда. Сонымен қатар сараптамалық кеңеске Қазақстан және Ресей үкіметінің өкілдері қатысуда.

Аталған шарада екіжақты экономикалық, ынтымақтастық, сауда және байланыс туралы келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде. Екі ел арасындағы серіктестік және сауда жөніндегі мәселелер талқыланып, нарыққа анализ жасау арқылы тараптар жан-жақты пікір алмасты.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысы ертең өтеді. Оған Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А. Оверчук бастаған Ресейдің ресми делегациясы қатыспақ.

Жиынға қатысушылардың назарына, Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері айтылып, Браунфилд және арнайы экономикалық аймақтар легі таныстырылады деп жоспарлануда. Жиын соңында делегациясы өкілдері Түркістан қаласында өтетін мәдени бағдарламаларды тамашалайтын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...