«Қайырымдылық керуені» VI Республикалық байқауы басталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева хабарлады.

– Елімізде «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауы басталды. Алтыншы рет өткізіліп отырған байқаудың мақсаты – қайырымдылық жасайтын, көмекке қол ұшын созатын жандарды анықтау және мейірімділік пен гуманизм сынды адамгершілік құндылықтарды нығайту. Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтайды. Өтінімдер осы жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады. Толық ақпаратты «www.fnn.kz», «www.businesswomen.kz» сайттарынан біле аласыздар, — деді Инара Әбдіғаппарқызы.

Брифинг барысында Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының «Жас қанат» бөлімінің мүшесі Ақмарал Ғаниқызы арнайы номинацияларға тоқталды.

— «Асар» номинациясы — халықтық салт-дәстүрді сақтауға бағытталған қайырымдылық қызметті атқаратын жандарға табысталады. «Туған жер» — білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және өзге де салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көрсеткен лауреатқа беріледі. «Батыл жүрек» номинациясы — ерлік пен қайсарлық танытқан адамдарға тиесілі. «Мейірім жолында» — белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен жандарға бұйырады. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы — қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналиске немесе шығармашылық ұжымға беріледі, — деді ол.

Айта кетейік, қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 79 15 95; 8 701 513 55 00 нөміріне хабарласуға болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...