Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған «Азия кубогынің» бас жүлдегері анықталды

Түркістан облысында қазақ күресінен аламан дода аяқталды. Қазақтың дара перзенті, «Күш атасы» Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы «Азия Кубогы» өз мәресіне жетті.

Дүбірлі додаға Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркістан облысының ең мықты деген балуандары қатысып, күрестің көркін қыздырды.

Жарыста жалпы 8 салмақ дәрежесінде 150 балуан күш сынасты. Аса тартысты өткен күрес додасында Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының дарынды спортшысы Қайсар Шәмшідинов қарсылас шақ келтірмей «Түйе балуан» атанды. Ал, күміс жүлде — Өзбекстанның өкілі Шерали Жураевқа бұйырса, қола жүлдені — қазақстандық талантты балуан Марат Байқоңыров қанжығасына байлады.

Бүгін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев марапаттады.

Айта кетейік, топ жарып жеңімпаз атанғандарға 200 мың теңге берілсе, екінші орынға — 100 мың және үшінші орынға — 50 мың теңге қаржылай сыйақы берілді. Сондай-ақ,«Түйе балуан» атанған Қайсар Шәмшідиновке Нива автокөлігінің кілті табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...