Ордабасылық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқан

Темірлан ауылының тұрғыны Ләйлә Әбдімәжитқызы көпбалалы кәсіпкер ана. «Ана көрген тон пішер» дегендей, ол бала кезден тігіншілікті анасынан үйренген. 2019 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында арнайы оқуын тәмамдап, сертификат алған. 2020 жылы бизнес жобасын қорғап, мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Ал 2022 жылы «Айша» тігін шеберханасын ашып, қазіргі таңда 4 ауыл тұрғынан жұмыспен қамтып отыр.

Тапсырыстың көптігіне байланысты Ләйлә Әбдімәжитқызы алдағы уақытта кәсібін үлкейтуді жоспарлап отыр. «Айша» тігін шеберханасында қыз жасауы, әшекей бұйымдар, тойбастар заттар жетерлік. Қолдан тігілген бұйымдар мен үйдің төсеме жабдықтарының сапасы өте жоғары болғандықтан тапсырыс та көп.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...