Ордабасыда шаруаларға мол өнім алудың жолдары түсіндірілді

Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінде «Егістік алқаптарды тиімді пайдалану» атты аудандық семинар өтті. Шаруаларды агросектордағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйретуге арналған жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, барлық ауылдық округтердің шағын шаруа қожалық өкілдері қатысты.

Аудан басшысы ауыл шаруашылыққа қажетті техникалар көрмесімен танысып, шаруа қожалық басшыларымен пікірлесті. Егіс көлемін ұлғайтып, ауданның ауыл шаруашылық саласының дамуына үлес қосуға шақырды.

Алқалы жиында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшылары аудандағы ауыл шаруашылық өнімдерінің биылғы көрсеткіштері туралы баяндама жасап, «Терең қопсыту – мол өнімнің кепілі» тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріске жаңа инновациялық технологияны енгізу арқылы өнімділікті арттыру, аз шығын жұмсап, мол өнімге қол жеткізу бағыты жөнінде тоқталды.

Көшпелі семинарға арнайы шақырылған Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өсімдік бөлімінің меңгерушісі Жеңісбек Абдраймов пен «Hermes» ЖШС-нің директоры Ильмар Гаджиев агротехнология ғылым мен практиканың өзара әрекеттесуі, органикалық негізде жермен жұмыс істеу тәсілдеріне көшу, топырақ құнарлығын анықтау, агрохимиялық зерттеудің маңыздылығы туралы арнайы шеберлік сағатын өткізді.

Жиын соңында қатысушылар «Орда-Басы-Агро» АӨК-нің озық технологиялар және ғылыми негіздемелермен жарақтанған жүгері өсірудің жемісті тұстарымен және егістік алқаптағы жүгері жинау науқанымен танысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...