Ордабасыда қарттарға құрмет көрсетілді

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда 1 қазан – Қарттар күніне арналған салтанатты мерекелік жиындар өтуде. Осындай іс-шаралардың бірі Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Іс-шарада аудан өнерпаздары ұрпақ тәрбиесіндегі қарттардың рөлі жайында әсерлі қойылым қойып, өскелең ұрпақты қарттарды құрметтеуге шақырды.

Мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков қатысып, ардагерлерді мерейлі мерекесімен құттықтады.

Мерекелік шара барысында аудан басшылары ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелерге мерекелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар қарттар арасында өткен спорттық сайыс жеңімпаздарын арнайы Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Мерекелік жиын аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...