Несиесі төлеу үшін «мемлекеттен ақша алып беремін» деп алдаған — Xnews — ақпарат агенттігі

Несиесі төлеу үшін «мемлекеттен ақша алып беремін» деп алдаған

Түркістан облысында өз несиесін төлеу үшін мемлекеттен ақша алып беремін деп тұрғынды алдап, 5 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан әйел ұсталды,–деп хабарлайды Түркістан облысының Полиция департаменті.

Жетісай аудандық полиция бөліміне 3 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныстары кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп уәде беріп, 5 миллион теңгеден астам ақша алып, қайтармаған. Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алып, уәдесін орындамай қашып жүрген.

Жәбірленушілерге 5 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғындарды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Жедел-іздестіру нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол полицияға жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел ірі көлемдегі ақшаны өзінің несиесін жабу үшін алған. Қазіргі таңда ұсталған әйел қамауға алынып, аталған іс бойынша жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...