Кентауда құс цехы іске қосылды

Елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында көптеген бағдарлама жүзеге асырылып отыр. Соның бірі «Ауыл аманаты» аясында Кентау қаласы, Қарнақ ауылында «Тажиддин ата» АӨК өз жұмысын бастады. Қала әкімі Жандос Тасов цехқа барып, жұмыс барысымен танысты. Аталған цехта құс еті өндірілмек.

– Қазіргі таңда цехқа құстың бройлер росс-308 деп аталатын түрі әкелінді. Енді оны 42 күн баптап, өсіріп, үлкендерін етке айналдырамыз. Етті әзірге Кентау мен Түркістан қаласына өткіземіз. Алдағы уақытта басын көбейтіп облысты қамту жоспарлануда, – дейді цех басшысы Алимхан Абдуғаппаров.

Жылына 50 тонна ет өндіру жоспарланған цехқа 2000 бас құс әкелініп, бапталуда. Шаруа 12 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта инкубациялық жұмыртқа әкелініп, құс цехы жанындағы инкубаторға жұмыртқалардың алғашқы партиясы салыну көзделуде. Жалпы жобаның құны 27 600 000 теңге.

Айта кетейік, «Тажиддин ата» АӨК құс етінен бөлек, жұмыртқа шығаруды да жоспарлап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...