Интернет алаяқтар 11 млрд 300 млн теңге жымқырған (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Интернет алаяқтар 11 млрд 300 млн теңге жымқырған (видео)

Интернет алаяқтар жыл басынан бері ел азаматтарының 11 млрд 300 млн теңгесін жымқырған. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, соңғы 5 жылда алаяқтық дерегі 5 есе өскен. Әккі қулар алыста отырып-ақ, аңғал жұрттың ақшасын түрлі жымқырады.

Мәселен, биыл 14 мыңға жуық интернет алаяқтық тіркелген. 13 мың адам алданып, 11 млрд 300 млн теңгесінен айырылған. Алаяқтар негізінен олардың атына онлайн несие рәсімдеп, банк карточкаларындағы ақшасын қолды қылған. Қазір 500-ден астам азамат ұсталып, жәбірленушілерге әзірге 525 млн теңге өтелді.

© «Qazaqstan» телеарнасы

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...