Халық Жолдауды қолдайды

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы үш жыл мерзімдік уақытта Үкімет тарапынан жүзеге асырылуға тиіс тапсырылмаларды атап өтті:

Отандық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, сатып алу үрдісін оңтайландырып «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беру, агроғылым жетістіктерін пайдалану арқылы, ауылшаруашылық өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру, Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру, туризмді дамыту және жұмыстың ашық болуын, арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз ету керектігі жайлы айтылды.

Мемлекет басшысы, Жолдаудың мақсаты — халықтың әл ауқатын арттыру, экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз ету, заңның үстемдігін жүзеге асыру-деді.

Құрметті көпшілік!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын, бір кісідей қолдап, жүзеге асуына әрбіріміз өз үлесімізді қосайық.

Ұлдықыз Жәлелқызы,
Шардара аудандық Аналар кеңесінің және «Мейірім» ҚБ төрайымы

x

Check Also

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...

ТҮРКІСТАН: Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетілуде

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша ...