Д.Сатыбалды тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10 тұрғын жазылған. Олар түрлі бағыттағы ұсыныстары мен өтініштерін айтты. Өңір басшысы әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.

Тұрғындардың бірқатары еңбек заңдылығының сақталмауына, құқықтарының бұзылғанына байланысты шағымданған. Сонымен бірге жұмысқа орналастыру жөнінде өтініштер тыңдалды. Мәселен, Түркістандағы бір мектеп пен балабақшада осындай еңбек даулары тіркелген. Құрылыс компаниясынан айлығын ала алмай жүрген жұмысшының да өтініші назарға алынды. Сонымен бірге балабақшадағы азық-түлік сапасына қатысты да шағым айтылды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшыларына аталған түйткілдерді зерделеуді ұсынды. Құқық қорғау органдары басшыларына да нақты ұсыныстар берілді.

Жеке қабылдауда Ордабасы, Сауран аудандарындағы жер мәселелері, Созақтағы мал ұрлығы, Бәйдібектегі мектепті күрделі жөндеу, каналды тазалау, Төлеби ауданындағы апатты жағдайдағы мектепті жаңарту, көпірді жөндеу, Түркістан қаласында студенттер компусын салуға жер телімін беру ұсынысы да айтылып, хаттамаға енгізілді.

– Әкімдік тарапынан әрбір өтініш бойынша жұмыс жүргізіледі. Құқық қорғау органдары да өздеріне қатысты мәселелерді назарға алғаны жөн. Мектеп, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты өтініштер заң шеңберінде зерделеніп, тиісті шешім қабылданады. Әрбір тұрғынның өтініші мен ұснысы маңызды, – деген Дархан Сатыбалды басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдырып, жазыла алады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...