«Ауыл аманаты» арқылы жалпы 10,3 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ауыл аманаты» арқылы жалпы 10,3 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылды

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.

«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ — на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 17,9 млрд теңге құрайтын 3409 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 3 018 жоба қаралып, жалпы соммасы 14,2 млрд теңгені құрайтын 2437 жоба мақұлданды. 10,3 млрд теңге құрайтын 1 797 жоба қаржыландырылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 220 жоба қаржыландырылып, 3400 — ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен бірге АӘК алатындар саны азайып, тұрғындардың күнкөріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...