Түркістаннан теріскейге көшкен азаматтың 20 гектар егістігі бар

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының тумасы Тулкинжан Юсантаев осыдан 4 жыл бұрын Павлодар облысы, Успен ауданының Константиновка ауылына қоныс аударған.

Бала күнінен егін шаруашылығының қыр-сырын меңгерген Тулкинжон Юсантаев қазіргі таңда 20 гектар аумаққа егін егіп, ол жерден алған өнімін саудалап отыр.

Топырағы құнарлы, ауасы таза ауылда пияз, тұрып, асқабақ, қырыққабат пен қарбыз еккен. Негізгі өнімі картопты апта сайын жәрмеңкелер арқылы сатып, қазіргі таңда шаруа 50 тонна ғана өнім қалғанын айтып отыр. Алдағы уақытта егістік көлемін арттыру арқылы өнім көлемін де молайтуды жоспарлап отыр.

Түркістан облысының Өңірлік комуникациялар қызметі

x

Check Also

Алматыда шала туған сәбилерді зағиптықтан сақтайтын ерекше операциялар жасалды

Алматыда Қазақстан медицинасының тарихында алғаш рет шала туылған нәрестелерге ерте бастан витрэктомия жасау – сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік ...

Қызғалдақтар — даламыздың символы

2025 жылдың 06 мамыр күні Қаратау қорығы аумағындағы «Хантағы — Кемпіртас» соқпағында VIl — аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет ...