Түркістандық полицейлер үш күнде жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 13 дерегін анықтады

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Арнайы құрылған топпен табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтауда Сайрам, Шардара, Арыс, Отырар және Келес аудандарында жүйелі жұмыс жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Сайрам ауданында 5, Арыс ауданында 3, Келес ауданында 4, Шардара ауданында 1 деректі анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты іс құжаттары жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы «Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бойынша жауапкершілікке тарту үшін, Экология департаментіне жолданды.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар шағал қиыршық тастарды жүк көліктеріне артып, алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

x

Check Also

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Мереке қарсаңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов соғыс жылдары тылда еңбек еткен ...

Түркістаннан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары: Анарбай Мырзахметов

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы ...