Түркістан облысында “World Cleanup Day” дүниежүзілік акциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында “World Cleanup Day” дүниежүзілік акциясы өтті

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Түркістан облысында «World Cleanup Day 2023» жыл сайынғы экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Аталған акцияның мақсаты — қоршаған ортаны тазалай отырып, табиғатқа жанашырлық таныту және әр адам бойындағы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.

Сенбілікке облыс аумағындағы барлық аумақтық департаменттер мен басқармалар, аудан, қала әкімдіктері сондай-ақ, барлық бюджеттік мекемелер мен тұрғындар қатысты. Жалпы 13 мыңға жуық адам атсалысты.

Жоспар бойынша сенбілікке қатысушылар өздеріне бекітілген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартты.

Айта кетейік, «World cleanup Day» — бұл бүкіләлемдік тазалық күніне арналған экологиялық акция. Аталған дүниежүзілік масштабта өтетін іс-шараға 180-нен астам мемлекет қатысады. Қазақстан Республикасы да 2018 жылдан бастап, жыл сайын белсенді түрде атсалысып келеді.

x

Check Also

Түркістанда жаңа 540 орындық мектеп оқушыларға есігін ашты

«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім ...

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...