Түркістан облысында қырықтағы батыр ана 11-ші баласын босанды

Биыл 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы дәрігерлер, ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады.

Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11-перзентін де отасыз өзі босанған. 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі дейді дәрігерлер.

Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21жаста. 11-ші перзентін келіншек Мұстафа деп атапты.

Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам. Келіншектің өзі бала күтіміне байланыста үйде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...