Түркістан облысында халықаралық көше театрлары фестивалі өтеді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев айтты.

Спикердің айтуынша, қыркүйек айының 27-28 күндері Түркістан қаласында облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық көше театрларының фестивалі өтеді.

— Түркістан облысының бес жылдығына арналған фестиваль жасөспірімдер мен жастарды азаматтық-патриоттық бағытта тәрбиелеуге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл шараны Қазақстанда алғаш рет өткізіп отырмыз. Осы арқылы түркістандықтар мен қала қонақтарының мәдени демалысын ашық алаңдарда театр форматында дамытқымыз келеді. Бұл доданы кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы жіті қадағалап, төрелігін айтатын болады. Фестивальге Қазақстан, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен үздік 13 өнер ұжымы қатысады. Көше театрлары үшін облыс орталығынан арнайы бес орынды белгілеп отырмыз. Бекітілген кестеге сай, театрлар екі күн бойы қаланың рухани-мәдени орталығында өнер көрсетіп, бақ сынасатын болады,- деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаровтың айтуынша, фестиваль қорытындысына сәйкес жеңімпаз деп танылған ұжымдарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары табысталады. Өнер сайысында бас жүлдеге ие болған театр 2 млн теңгеге ие болмақ.

Айта кетсек, фестивальдің ашылу салтанаты 27 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Фараб» кітапханасының концерттік залында өтеді. Барша түркістандықтар мен қала қонақтарын көше театрларының өнерін тамашалауға шақырамыз.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...