Құмар ойыны әдет емес, дерт!

Лудомания немесе ойын құмарлық– жеке тұлғаның өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлық.

Ойынға ақша тігу, букмекерлерге тәуелді болу себептерінің пайда болуының келесідей негізгі себебі бар:
1. Жалғыздық — бұл сезім адамды алғаш рет ойнауға итермелейді. Оның ойын процесінен алған әсері адамды қайтадан ойнауға мәжбүр етеді.
2. Қанағаттанбау сезімі — бұл сезім адамды өзін ойында көрсетуге мәжбүр етеді. Шынайы өмірде өзіне өзі наразы болады. Шынайы өмірге қарағанда ойында жеңіске қол жеткізу оңай болғандықтан адам өзін ойында көрсеткісі келеді.
3. Оңай олжа сезімі — сол бойынша бір рет ұтып, жеңіл түскен ақшаны қолға ұстағаннан пайда болған адреналинді сезген адам сол жетістігін қайталағысы келіп тұрады.
4. Тәуелділікке тез еру — мысалы, есірткі, алкогольге тәуелді адамдар үшін ойынға құмарлық өте қауіпті.

Тәуелді адамның жағдайы ең алдымен отбасына әсер етеді. Салдарынан отбасы мүшелері қаражат жағынан, психо-эмоционалдық жағынан зардап шегеді, көп отбасы ажырасып кетіп жатады. . Ерте ме, кеш пе лудоман ақша табу қажеттілігіне тап болады. Көбіне туыстары оның ақшалай проблемасын шешіп бергеннен кейін бәрі жақсы болып кетеді деп ойлайды. Бұл жағдайда проблема тек уақытша шешіледі. Ал тәуелді адам өзінің қарызын біреу төлеп беретінін түсінеді. Бұл ол адамды босаңсытып жібереді. Салдарынан ойыншыда қайтадан қарыз алуға деген ой пайда боладықұмар адамға эмоцияңыз бен сезіміңіз туралы айту керек. Көбіне ата-ана уайымдап жүргенін көрсеткісі келмейді. Эмоцияңызды басуға тырыспаңыз. Маңызды нәрсе — тәуелді адам жағдайдың күрделі екенін түсінуі керек. Ойынға тәуелді адам тек жағымды эмоцияларды көріп жатады. Керісінше, ол мәселенің шешімін іздеуі керек. Лудомания емдеу қажет болатын үш себеп бар. Біріншісі — осындай дертке шалдыққан отбасының бұзылуы және қаржылай қиындықтары. Екіншісі — құқыққа қайшы әрекеттер. Лудома
нияға шалдыққандардың 80-90 пайызы құқық бұзады. Оның ішінде, алаяқтық, қарыз алу, ұрлық жасағандар бар. Үшіншісі — жоғары дәрежедегі суицид қаупі. Статистика бойынша, 13-50 пайызға дейін өзіне қолж жұмсаса, 30-90 пайызында суицид туралы ой келеді.

Түркістан Жастар Ресурстық Орталығы