Қазақ күресінен “Оңтүстік Қазақстан” газеті кубогының иегері анықталды

Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Дәстүрлі сайыс биыл 60-рет өткізіліп отыр.

Дүбірлі додаға Түркістан облысының аудан-қалалары мен Шымкент қаласынан 13 команда қатысып, 200-ге жуық балуан боз кілемде белдесті. Нәтижесінде «түйе балуанға» арналған бас бәйге — Төлеби ауданының балуаны Марат Байқамұров ие болды.

Айта кетсек, жарыс ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, балуандардың спорттық шеберліктерін шыңдап, алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу үшін өткізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...