Қабылданған шаралар нәтижесін бере бастады

Қоғамдық тәртіпсіздікті сақтау аясында полиция басқарма тарапынына тәулік бойы тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстар өткен жылдың осы мерзіммен салыстырғанда 28.6 пайызға (696-ден 497-ге) төмендеп, 10 мың халыққа шаққанда 33,7-ні құрады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар 33,0 пайызға (233-тен 156-ға) төмендеп, қылмыстардың ашылу деңгейі 80,4 пайызды құраған, өткен жылы бұл көрсеткіш 75,4 пайыз(5% артқан) болған.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 11-ден 5-ке, -54,5%
Бұзақылық қылмыстар 25-тен 14-ке, -44,0%
Қарақшылық қылмысы 2-ден 0-ге 100%
Бөтеннің мүлкін ұрлау 177-ден 139-ға 21,5%
Пәтер ұрлығы 48-ден 35-ке 27,1 пайызға төмендеген.
Алаяқтық қылмыстары соңғы 4 жылда 108,3 пайызға артқан болса (2019-205, 2020-221, 2021-292, 2022-427), тұрғындар арасында насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 айында 39,4 пайызға төмендеді.

Алдын алу шаралары нәтижесінде;
Қоғамдық орында жасалған қылмыстар -24,1 пайызға (166-дан 126-ға),
Көшеде жасалған қылмыстар -16,2% (68-ден 57-ге),
Отбасы тұрмыстық қатынастағы қылмыстар 75,0 % (4-тен 1-ге),
Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 23,6% (106-дан 81-ге)
Жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар 22,6 % (31-ден 24-ке)
Қару қолданумен жасалған қылмыстар -75,0 % (8-ден 2-ге) төмендеген.

Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1250 жол белгілері, 7 (1) бағдаршам және білім беру орындарының алдына 70 «Абайлаңыз балалар» панносы орнатылды.

Жыл басынан жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болғандар саны 83,3% төмендеген.

Қаламызда автокөлікті мас хәлде басқарған 137 тұлға сотпен әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Алайда, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін , қайта масаң күйде көлік құралын басқару бойынша 10 тұлғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілді.

Қала әкімдігі , Полиция басқармасы, қала прокуратурасы бірлесіп қала аумағында 62 рет «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Жыл басынан хабар ошарсыз жоғалу жөнінде 96 хабарлама тіркеліп, 64 жасөспірім мен 32 ересек азамат жедел іздестіру нәтижесінде табылды.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...