«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауына іріктеу аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан аруы» конкурсы өтті. Биыл ұлттық байқаудың ресми сайтына облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық өтінім келген. Үміткерлермен 3 бірдей кастинг өткізіліп, ақтық сайысқа 9 ару жолдама алған. Сайыста арулар өзін таныстыру, шығармашылық бағыттағы өнер, қазақша ұлттық көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысқа түсті. Әділ-қазылар алқасының шешімімен Ербосын Диана «Түркістан аруы-2023» атанды. ...
Читать далее »Месячные архивы: Сентябрь 2023
Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелермен айналысатын мобильді топ жұмысын бастады
Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес арнайы құрылған мобильді топ Жетісай және Мақтаарал аудандарына іс-сапармен барды. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған топ мүшелері мақта мәселесі бойынша аймақтағы зауыттардың алдағы науқанға дайындығымен және мақта класстерін дамыту бойынша жергілікті әкімдіктердің атқарған жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, ауданға қарасты ауыл әкімдері, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласының мамандарымен жиын өтті. Айта кетейік, бүгінгі күні ...
Читать далее »Кибералаяқтардан отбасынызды қалай қорғауға болады
Қазіргі заманда, IT-технологиялар эволюциясы қарқынды дамыған ғасырда интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біздің әр таңымыз push-хабарлама қоңырауынан басталады, таңғы ас кезінде жаңалықтар арнасын оқимыз, жұмыста белгілі бір ақпарат алу үшін желі кеңістігін қолданамыз. Бірақ Интернеттен ақпаратты жедел алғанымызбен қоса, киберкеңістікте бізді торуылдайтын қауіптерді де ұмытпауымыз керек. Интернет кеңістігінде бізді қандай киберқауіптер бағып тұрғанын және олардан қалай қорғануға болатынын, ересектер ...
Читать далее »Д.Сатыбалды отандық инвесторлармен кездесті
Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді. Өңдеу саласында облыста «Саутс Ойл» компаниясының «Созақ Фосфат» фосфорит өндіру және «Састөбе инновациялық кешені» каустикалық сода, «Стандарт Петролюм» мұнай өңдеу зауыты сияқты инвестициялық жобалар іске асқан жағдайда, өңірдің өнеркәсіп саласындағы шығарылатын өнім көлемінің өсуіне ...
Читать далее »Ордабасыдағы машина жасау кәсіпорны өнімдерін Түркия және Үндістанға экспорттауда
«KARLSKRONA LC AB» ЖШС – Ордабасы ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан машина жасау кәсіпорны. Компания сорғыларды, электротехникалар, блокты-модульдік, стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, әзірлеу, сату, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Өнімдер Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған компания арқылы 150-200 адам жұмыс орнымен қамтылған. Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және ...
Читать далее »Түркітілдес елдерден келген делегация Tүркістан облысының туристік әлеуетін насихаттауды бастады
Түркістан облысына түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары және әлеуметтік желі белсенділері арнайы келіп, ақпараттық турды киелі шаһардан бастады. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасы, сондай-ақ «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өңірдің туристік әлеуетін насихаттау жұмыстары жалғасуда. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің өзге де өңірлерінен келген делегация өкілдері Этноауыл кешенін аралап, түрлі ...
Читать далее »«Түркістан дауысы – 2023» байқауында Абай облысының өнерпазы жеңімпаз атанды
Облыс орталығында өткен республикалық «Түркістан дауысы – 2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген 16 үміткер екі күн бойы ән додасында бақ сынады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған байқаудың шартына сәйкес, қатысушы екі музыкалық шығарманы орындады. Бірінші күні қазақ композиторларының әндерін шырқаған қатысушылар бүгін өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы шығарманы орындады. Байқауға музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Дәуешов, ...
Читать далее »Болашақ үшін жасалған қадамдар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Ел тағдыры үшін маңызды мәселелерді сөз еткен Президент әлеуметтік-экономикалық салалардағы кемшіліктерді де, жағымды жаңалықтарды да мәлім етті. Жолдауды тыңдай отырып бір түйгенім — бұл жолы берілген тапсырмалар мен қолға алынған жобалардың көпшілігі өткен жылдары басталған жұмыстарды толықтырып, қуаттай түсететін сыңайлы. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде білім беру саласындағы жұмыстардың тұтастығын сынға ...
Читать далее »Дәстүрлі жолдау өз жалғасын тапты
Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялаған болатын. Тікелей эфирде жол тартқан Жолдауды мұқият тыңдап, бірқатар ауқымды мәселелерге мән берген Президент орта бизнес, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп, сондай-ақ, бірқатар салаларға жаңа серпілістер қажет екенін жеткізді. Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалып, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатындығын ...
Читать далее »Кентаулық жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен сабын цехын ашқан
Бүгінде кентаулық жас кәсіпкер Әлия Алдабергенова кішігірім цехта кір сабын өндіріп, жергілікті дүкен сөрелеріне өткізуде. Ол «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жастарға арналған 2,5% пайыздық несие бағдарламасына қатысып, 5 млн. несие алған. Кәсіпкердің айтуынша, сабын өндіру цехында айына 10 мың сабын өндіріледі. Сабынға деген сұраныс көбейген жағдайда, өнім көлемі де арта бермек. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта сабын түрлерін арттыруды жоспарлап отыр. ...
Читать далее »Д.Сатыбалды түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдерімен кездесті
Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен әлеуметтік желі белсенділері келді. Олар 14-16 қыркүйек аралығында Түркістан облысының тарихи және туристік орындарын аралап, Түркістанның туризмін насихаттайды. Аталған топты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, пікір алмасты. – Түркістанға қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттерден келген бауырларымызды көріп қуанып отырмын. Түркістан ...
Читать далее »Қарашық қалашығында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жалпы облыс аумағында 1770 ескерткіш есепке алынған. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экспедициясы 3 археологиялық ескерткіш орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда Сауран ауданынындағы Қарашық ІІ қалашығы, Келес ауданында орналасқан Мыңтөбе оба қорымдары мен Күлтөбе қалашығы ескерткіші және Созақ ауданы, Қызылкөл маңындағы оба қорымдары. Соның ішінде жобаның күнтізбелік ...
Читать далее »Келесте ескі қалашықтың орны табылды
Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ археологтар сол аймақтағы Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр. – 1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән берілмек. Қазірдің өзінде бұл жерден қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы табылды. Бұл ...
Читать далее »Қазақ жылқылары әлемдік рекорд орнатпақ
Бүгін 14 қыркүйек «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850-інші шақырымды бағындырмақ. Бұдан бөлек Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер «Рекорд» деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр. «Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, ...
Читать далее »Сарыағашта жаңа спорт кешені салынып жатыр
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандағы Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысып, мердігер мекеме өкілімен кездесті. Бүгінде құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, нысанның қазаншұңқырын қазу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша аталған спорт кешені 2024 жылы пайдалануға беріледі. Кездесуде аудан әкімі спорт нысанының ауыл тұрғындары ...
Читать далее »Түркістанда жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті ашылды
Түркістан қаласында жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті ашылды. Жаңа полиция пункті Түркістанның тұрғындары қарқындап өсіп келе жатқан Отырар шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жергілікті полицейлердің жаңа ғимаратқа қоныстануына арнайы келген ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жаңа бекеттің жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Учаскелік бекет қажетті ...
Читать далее »Райымбек Сейтметов театрында жаңа маусым ашылды
Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, құттықтады. – Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының мәдениет саласын дамыту жөніндегі тапсырмасымен облыс орталығында игі бастамалар қолға алынып, жаңа мамандар келіп жатыр. Облыстағы 3 театрымызда да оң өзгерістер орын алуда. Міне, соның бірі осы қарашаңырақ ғимаратына былтыр ...
Читать далее »Республикалық «Түркістан дауысы — 2023» жас орындаушылар байқауы басталды
Бүгін облыс орталығында республикалық «Түркістан дауысы-2023» жас орындаушылар байқауы басталды. Еліміздің әр өңірінен бақ сынауға 16 үміткер бас қосқан ән додасын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Атауы мыңжылдықтарға кеткенмен, облыс орталығы ретінде жаңару мен дамудың жаңа белесіне көтерілді. Мұнда республикалық және халықаралық шаралардың өтуі дәстүрге ...
Читать далее »Жетісайда «Ауыл аманаты» аясында 102 жоба қаржыландырылған
«Ауыл аманаты» жобасына Жетісай ауданынан Қарақай, Ж.Ералиев, Қазыбек би және Мақталы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысуда. Бүгінде жалпы аудан бойынша өткізілген 1 млрд. 301,3 млн. теңгенің 219 құжатынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 1 млрд. 21,7 млн. теңгенің 176 жобасы мақұлданған. Оның ішінде 555,4 млн. теңгеге жасалған 102 бизнес-жоба қаржыландырылған. Нақтырақ айтар болсақ, Қарақай ауылдық округі бойынша 281,9 млн. теңгенің 55 жобасы мақұлданып, ...
Читать далее »Түркістанның туристік әлеуеті халықаралық деңгейде таныстырылуда
Түркістан облысында туризм саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау, көршілес және шет мемлекеттерден туристер ағымын молайту жолында іс-шаралар қолға алынған. Бүгінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің кеңейтілген сессиясы басталды. Аталған іс-шарада өңірден аттанған жауапты өкілдер Түркістан облысының туристік әлеуеті бойынша таныстырылым өткізіп, 300 қатысушыға жарнамалық-ақпараттық материалдарын ...
Читать далее »