«Open library» эстафетасы Келес кітапханасында жалғасты — Xnews — ақпарат агенттігі

«Open library» эстафетасы Келес кітапханасында жалғасты

Келес ауданында Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен«Open Library-2023» эстафетасы өтті. Шараны Келес ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Сариев ашып беріп, кітапханадағы ашық есік күнінің мақсаты мен маңызына тоқталды.

– Халықты кітап оқуға шақырудың жаңа әдістерін ұсыну, кітапханаларға оқырман тарту және басқа облыстар мен қалалық, аудандық кітапханашылар арасында әріптестік байланысты нығайтуды, өлкеден шыққан қаламгерлерді көпшілікке таныта отырып жігерлендіруді мақсат еткен эстафетаның кітапты насихаттау, оқырманмен байланысты нығайту, кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындауға да зор үлесін қосары анық, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Келеске келіп жеткен эстафетаға «Аманат» партиясының Келес аудандық өкілі Ахмет Жұмабеков, облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбекова, бөлім меңгерушісі Гүлмайра Нысанова және Келес аудандық кітапханашылар қатысты. Шара барысында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен ZOOM платформасы арқылы тікелей телекөпірге шықты. Сонымен қатар түрлі кітап көрмелері жасақталып, қонақтардың назарына ұсынылды.

Аталған шара мақсаты – халықты кітап оқуға шақырудың жаңа әдістерін ұсыну, кітапханаларға оқырман тарту және басқа облыстар мен қалалық, аудандық кітапханашылар арасында әріптестік байланысты нығайтуды, өлкеден шыққан қаламгерлерді көпшілікке таныта отырып жігерлендіру. Кезекті эстафетаны Келес аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Сарыағаш ауданына жолдады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда жаңа 540 орындық мектеп оқушыларға есігін ашты

«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім ...

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...