Мемлекет Басшысы: әр облыс орталығында креативті индустрия орталығы болу керек — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет Басшысы: әр облыс орталығында креативті индустрия орталығы болу керек

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр облыс орталығында креативті индустрия орталығын құру бастамасын көтерді.

«Қазір креативті индустрия орталықтары үш ірі қалада (Астана, Алматы, Шымкент) шоғырланған. Өңірлер бұл тұрғыда назардан тыс қалып отыр. Мұны түзету керек. Таланттарды тартатын шығармашылық индустрияның орталықтары әрбір облыс орталығында, әрбір ірі қалада болуға тиіс. Ол орталықтар қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелеріне көмектесу керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы креативті индустрия өндірісіне қаржы тарту жолдарын жеңілдету керектігін баса айтты.

«Креативті индустрия нысандарының өндірістік процестегі ерекшеліктері оларға кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына толық қатысуға, қаржы тартуға мүмкіндік бермейді. «Креатив иелерін» қолдау шараларының жеке пакетін әзірлеу қажет деп санаймын», — деді Президент.

x

Check Also

“Казахстан может догнать Европу“: тренер сборной высказался о стадионах

Новый главный тренер сборной Казахстана по футболу Джон ван ’т Шкип из Нидерландов оценил инфраструктуру в стране, передаёт Tengri Sport ...

Президент Жолдауын жүзеге асыру: құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең ...