Кентауда Бұқар жыраудың мемориал тақтасы қойылды

Биыл қазақтың ұлы жырауы, жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың туғанына 355 жыл. Осыған орай Кентау қаласы Қарнақ ауылына Бұқар жырау ауданынан ҚР Парламент сенатының депутаты, академик Алтынбек Нұхұлы, елімізге танымал айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов, Бұқар жырау аудандық маслихат төрағасы Асхат Сағадиұлы бастаған бір топ делегация келді.

Ең алдымен Қарнақ ауылындағы тарихи орынның бірі Шаммат Ишан мешітінде болып, Бұқар жырауға арналған мемориалды тақтайшаның ашылуына қатысты. Сондай-ақ, мешіт жанынан жырауға арнап естеліктері қойылған бөлме дайындалды. Тарихи кездесу Қарнақ ауылының алаңындағы салтанатты шарамен ұласты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...