Келес ауданында жаңа ипподром салынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Келес ауданында жаңа ипподром салынады

Келес ауданында ат спортын дамыту мақсатында жаңа ипподромның құрылысы басталады.

Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев Бірінші Мамыр елді мекенінде болып, ипподромның құрылысы жүретін жер телімдерін аралап көрді. Жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, ипподромның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындауды тапсырды.

— Келес ауданында ипподром салу бастамасы бірнеше жылдан бері қозғалып келеді. Ат – қазақтың жанына жақын киелі жануар. Ат спортын дамыту арқылы біз ата дәстүрді, салтты жаңғыртамыз. Жаңа кешенде ат спорты түрлерін дамытамыз деген жоспарымыз бар. Қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде, — дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан басшысы Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елді мекені мен Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр ауылына барып, футбол алаңдарының құрылысымен танысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...