Жолдау — ел сұранысына жауап

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Ал, биылғы Жолдаудың ерекшелігі айтылған міндеттердің бәрі үш жылдың ішінде орындалуы тиістігі, аса күрделі міндеттерді жүзеге асыруға нақты мерзім бекітілгендігі. Талдап қарасаңыз Жолдауда ең көп қолданылған экономика-68, мемлекет-42, заң-23, халық-22, бизнес-18 сөздері Басты бағыт экономиканы дамытудың жоба-жоспары болғандықтан экономика сөзінің Жолдауда көп кездесуі заңды.

Экономика сөзінен кейін кездесетін мемлекет, заң, халық, бизнес сөздері Жолдаудағы қойылған мақсаттарға сай рет-ретімен қажеттілігіне сай орын алған. Кедергілерді жою үшін заңдарға өзгерістер енгізу, экономиканы дамытуды Мемлекет-Бизнес-Халық үштағаны бірлесе жүйелі түрде әрекет жасағанда ғана межеге жетеміз дегенді білдіреді. Жолдау нақты көрсеткіштерге, экономиканың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізуге, 2029 жылға дейін ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге жеткізуге негізделген.

Жолдауда айтылған басты міндет – өз елімізде өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту арқылы экономикамызды көтеру, табысты арттырып, халықтың әл ауқатын жақсарту.

Жолдауды жүзеге асыру бойынша Үкімет іс-шаралар жоспарын бекітетін болады деп ойлаймыз.

Мемлекет басшысы экономикадағы реформаларды жүзеге асырудағы қаржы, салық-бюджет, ақша несие саясатының үйлесімдігі қамтамасыз етілген тұста ғана орын алатын макроэкономикалық тұрақтылыққа төқталды. Әсіресе, банктердің жұмысына ерекше акцент жасауы орынды болды.

Мемлекет басшысының Жолдауда Абайдың «Толық адам» ілімінен тарқайтын «Адал азамат» тұжырымдамасын халықтың алдына тартып, адалдық жоқ жерде әділдік болмайды деуі қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған.

Жолдаудың кілтті сөздері Мемлекет-Бизнес- Халық. Үштағаны мықты елдің саяси-экономикалық әлеуеті де жақсарады. Мемлекет бизнесті қолдаса, пен халық пен мемлекет арасындағы алшақтық азайса, ел сұранысына жауап беру, қоғамның қолдауына ие болу деген осы.

Қалыйма Жантөреева,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...