Жетісайда шаруа қожалық гүл өсіріп айына 1 млн теңге табыс табады — Xnews — ақпарат агенттігі

Жетісайда шаруа қожалық гүл өсіріп айына 1 млн теңге табыс табады

Бүгін Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.

Тур аясында журналистер аудандағы Қазыбек би ауылдық округіндегі гүл өсіруші “Салих” шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ағайынды Нартаевтар үйіргелік 3 соттық жер теліміне жылыжай салып бастаған. Кейін гүл өсіріп сату ісін қолға алып, жылыжай аумағын 15 соттыққа жеткізген. Қазіргі таңда жылыжайда құмыраға отырғызылған гүлдің 40-тан астам түрі өсіріледі. Қожалық әр гүлді 500-10000 теңге арылығында саудалап, айына 1 млн теңге табыс тауып отыр. Гүл бағында 10 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Баспасөз турында журналистер «Ауыл Аманаты» бағдарламасымен қаржы алып, кәсібін бастаған шаруалармен кездесті. Ж.Ералиев ауыл округі, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Асрор Қамбаров “Ауыл аманаты” жобасымен 2,5%-дық несие алып, 20 соттық жылыжай ашқан. Онда қияр егіп, 7-8 тонна өнім алып отыр. Бүгінде төрт адам жұмыспен қамтылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...