Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті.

Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген былғары қолғап шеберлері қатысты.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысты.

Қыркүйек айының 14-17 аралығында өткен былғары қолғап шеберлерінің айқасы өз мәресіне жетіп, жарыста 57 келі салмақ дәрежесінде шардаралық Ұлжан Сәрсенбек қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тағынып, жарыстың «Үздік спортшысы» атағын жеңіп алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...