Арыста 6 мектеп пен 5 балабақша салынады

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Тараз» шағын ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы басталғандығы айтылды. Сондай-ақ, келесі жылы дәл осы бағдарлама шеңберінде «Наурыз» шағын ауданынан 900 орындық мектеп салынбақ.

Бұдан бөлек, «Отырар» шағын ауданынан 600 орындық мектептің және И.Журба атындағы мектепте 300 орындық қосымша корпустардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер есебінен «Онтам» шағын ауданынан 150 орындық, Арыс қаласы Төлеби көшесінен 300 орындық, Алатау тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп салынбақ. Жалпы қала әкімінің айтуынша, алдағы жылдарда ай мақта жаңадан 6 мектеп пен 5 балабақша ашылады деп жоспарлануда. Осылайша, 3 700-ден астам оқушыға жағдай жасалмақ.

Биыл, қала мен ауылдарда оқитын бастауыш 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, жиында ауыз су жүйелерін жаңарту, инфрақұрылымды дамыту, қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жұрыстарын жүргізу мәселелері айтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...