Месячные архивы: Сентябрь 2023

Д.Сатыбалды кәсіпкерлермен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты. Бұған дейін облыс әкімі кәсіпкерлік белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты күшейту туралы тапсырма берген ...

Читать далее »

Сайрамда манго, авокадо өсіріледі

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда. Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды ...

Читать далее »

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді

Қазақстан Ұлттық Банкі инвестиция саласына қатысы бар алаяқтық схемалар пайда болғанын ескертеді. Қаскөйлер түрлі сайттар мен мобильді қосымшаларды қолдан жасап, Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсының интерфейсін көшіріп жүр. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың суретін пайдаланып, салынған ақшаның қайтарылатынын немесе инвестиция арқылы жоғары табысқа кенелуге болатынын айтып уәде береді. Сонымен қатар, азаматтарды көптеп тарту үшін алаяқтар өздерінің жалған сайттары мен мобильді қосымшаларын әлеуметтік желілер ...

Читать далее »

Қазақ күресінен “Оңтүстік Қазақстан” газеті кубогының иегері анықталды

Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Дәстүрлі сайыс биыл 60-рет өткізіліп отыр. Дүбірлі додаға Түркістан облысының аудан-қалалары мен Шымкент қаласынан 13 команда қатысып, 200-ге жуық балуан боз кілемде белдесті. Нәтижесінде «түйе балуанға» арналған бас бәйге — Төлеби ауданының балуаны Марат Байқамұров ие болды. Айта кетсек, жарыс ұлттық спорт – ...

Читать далее »

Түркістан облысында республикалық «Тау Fest» іс-шарасы басталды

Бүгін Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс орнында «Тау FEST» лагері іс-шарасы басталды. Лагерь жұмысына еліміздің Шымкент қаласы, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарынан 300 белсенді жас қатысуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы жастардың басын біріктірген шараға арнайы қатысып, жастармен пікір алмасты. – Түркістан өңірінде өздеріңіздей белсенді жастармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақтың төле биінің атымен аталатын ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімі мақташылармен кездесті

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Өңірде жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданындағы мақта алқаптары мен мақта зауыттарында болды. Мақта өсірушілермен кездесіп, осы саладағы мәселелерді талқылады. Шаруалар талап-тілектерін ортаға салып, мемлекеттік субсидия мен жеңілдетілген несие ...

Читать далее »

Түркістанда кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері талқыланды

Түркістанда бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімдігі, облыстық прокуратура, мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және онлайн режимде аудан, қалалардың бизнес өкілдері қатысты. Маңызды жиынды Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай жүргізіп отырды. Іс-шараның мақсаты – бақылау-қадағалау органдары мен ...

Читать далее »

Кентауда Бұқар жыраудың мемориал тақтасы қойылды

Биыл қазақтың ұлы жырауы, жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың туғанына 355 жыл. Осыған орай Кентау қаласы Қарнақ ауылына Бұқар жырау ауданынан ҚР Парламент сенатының депутаты, академик Алтынбек Нұхұлы, елімізге танымал айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов, Бұқар жырау аудандық маслихат төрағасы Асхат Сағадиұлы бастаған бір топ делегация келді. Ең алдымен Қарнақ ауылындағы тарихи орынның бірі ...

Читать далее »

Түркістанда қарттар мен ардагерлер ардақталды

Бүгін Түркістан қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, ақсақалдар мен әжелерді құттықтады. – Қадірлі ақсақалдар! Аяулы ақ жаулықты әжелер! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ бағзы заманнан қарияларды халықтың баға жетпес қазынасы санап, олардың батасын алуды мәртебе көреді. Бұл қасиет атадан-балаға мұра ретінде дәріптеліп келеді. Мемлекет ...

Читать далее »

Шымкент әкімі ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді. — Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қарты бар үйдің шырағы сөнбейді. Бүгінгі құрмет-қошеметтің барлығы сіздерге арналады. Өздеріңізге айтар алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Қазыналы қарияларымыздың қамсыз қарттығын қамтамасыз ...

Читать далее »

Өзбекстандық кәсіпкерлер жібек мата өндірмек

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көшет егіп, жібек құртынан мата шығару ісіне машықтанған өзбекстандық кәсіпкерлермен кездесті. Олар Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге көшет отырғызбақ. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Жапырағын жылына төрт рет жинақтауға болатын тұттың «Мархабат» сортын егуге кіріспек. Басты мақсат – Түркістан облысының тұрғындарына осы кәсіптің қыр-сырын ...

Читать далее »

Жолдау — ел сұранысына жауап

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Ал, биылғы Жолдаудың ерекшелігі айтылған міндеттердің бәрі үш жылдың ішінде орындалуы тиістігі, аса күрделі міндеттерді жүзеге асыруға нақты мерзім бекітілгендігі. Талдап қарасаңыз Жолдауда ең көп қолданылған экономика-68, мемлекет-42, заң-23, халық-22, бизнес-18 сөздері Басты бағыт экономиканы дамытудың жоба-жоспары болғандықтан экономика сөзінің Жолдауда ...

Читать далее »

Түркістан облысы еліміздің туризм саласында ерекше орын алатын өңір

Президент айтқан екі мәселе. Оның Түркістан облысы үшін маңыздылығы Президенттің осы жолғы Жолдауы тұтастай экономикалық бағытқа арналды. Әлемде геосаяси жағдай күрт құбылып, мұның салқыны экономиканы тұралата бастады. Дегенмен Президенттің өзі айтқандай, Қазақстан геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан экономикадағы өсімді сақтап қалды. Жолдауда Мемлекет басшысы екі мәселеге тоқталды және бұл екеуі де Түркістан облысы үшін маңызды. Оның біріншісі туризмге қатысты. — ...

Читать далее »

Азиада: Үшінші алтын медаль

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық мергендер тағы да бір алтын алды. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасы бойынша жұптық сайыста үздік болды. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті. Тартысты жарыста Қытай мен Катар құрамалары қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу ...

Читать далее »

Зухра Азия ойындарының чемпионы!

Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль. Қазақстандық спортшы 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Бұл жарыста бақ сынаған отандастарымыз Фатима Ирназарова алтыншы орынды иеленсе, Александра Сәдуақасова жетінші орынға жайғасты. Айта кетейік, дәл осы жылжымалы нысана көздеуден топтық жарыста Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова мен Александра Сәдуақасова күміс жүлдені еншілеген.

Читать далее »

Мақташылардың мәселелері талқыланды

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Өңірде жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынатын болады. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де өзекті мәселелерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының Жетісай ауданы Жаңа ауыл, Жылы су ауылдық округтерінде өткен кездесулерде айтылды. Жетісай ауданының ...

Читать далее »

Жетісайда 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасының салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды айтулы қуаныштарымен құттықтады. Жаңа мектепте физика-информатика және мультимедиялық-лингафондық кабинеттер, спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы, асханасы бар. Мектеп оқушыларының ...

Читать далее »

Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы

Бүгін Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында және Түркістан облысына 5 жыл толуына орай, этнос өкілдері арасында қолөнер бұйымдарын дәріптеу мақсатында «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы» байқауы өтті. Елдік құндылықтарды ұлықтаған шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов байқаудың маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ...

Читать далее »

Кентау трансформатор зауыты жылына 12 мың дана өнім дайындайды

Бүгін Кентау трансформатор зауытында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытына барды. Өндіріс орнының басты ерекшелігі – өнімдерін заманауи қондырғылар негізінде жасап шығарады. Басқарма Төрағасы Бауыржан Худайбергеновтің айтуынша, зауыт жылына 12 000 дана өнім дайындайды. — Кентау трансформатор зауыты қазір шикізаттың 15 пайызын ғана сырттан әкеледі. Зауыт жобалау институттарымен тығыз жұмыс істейді. ...

Читать далее »

Италия мен Түркістан облысы арасындағы байланыс тереңдей түсті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти мен «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен кездесті. Кездесу барысында Түркістан өңіріне Италия инвестициясын тарту, туризм, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату көкжиектері сөз болды. Облыс әкімі облыста инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. – Түркістанға тағы да қош келдіңіздер деймін. Бүгін өңірімізде «Шәуілдір» күн электр ...

Читать далее »