Түркістанда «Армандар орындалады» жобасының кезекті шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Армандар орындалады» жобасының кезекті шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласында он екінші рет ұйымдастырылған «Армандар орындалады» шарасы өтті. Жиынға Ордабасы және Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан ерекше балалар қатысты.

Тілектері жазылған хаттарының арқасында қала басшысының қолдауымен Түркістанның көркем жерлерін аралап, «Керуен сарай» туристік кешенінде қайықта серуендеді. «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ерекше балаларға жігерлендіру мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев алғыс хатпен марапаттады. Онда «Сіздің өмірге деген құштарлығыңыз, білім мен ғылымға деген талпынысыңыз үлкендерге де күш-жігер береді. Қазақ елінің жас ұрпағы, болашақтың жарқын өкілі ретінде мақтан етеміз» делінген.

– Балалар да, ата-аналары да керемет көтеріңкі көңіл-күймен атсалысуда. Осымен 203 ерекше баланың арманын-тілегін орындаған жоба алдағы уақытта да ниетті жандардың атсалысуымен жалғасады деп сенемін. Демеушілер де түрлі сала мамандары. Бұл жолы Жетісай ауданы әкімі бастаған ондықта Сауран аудданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, белгілі актер Шәкен Амантұров, астаналық кәсіпкер Рафия Бижанова да бар, – дейді жоба авторы Әсел Бимырзаева.

Айта кетейік, жоба мақсаты – ерекше балалардың қарапайым армандарын орындау арқылы өмірге деген қызығушылықтарын арттыру, қоғамда елеусіз қалмайтындарын, әрқашан көмекке келетін жақсы адамдардың бар екенін жеткізу.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...