СҚО-дағы көлдердің бірінде балық жаппай қырылып қалды — Xnews — ақпарат агенттігі

СҚО-дағы көлдердің бірінде балық жаппай қырылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Питное көлінде жүз келіге жуық өлі балық табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы экология департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына Есіл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері шықты, деп жазды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі:
«Көлдің жағасы тексерілді. Көзбен шолу кезінде шамамен 100 келі көлемінде алабұға мен мөңке балықтары қырылғаны анықталды. Су сынамалары мен балық өлекселері зертханалық талдауға алынды».

Питное көлі қарайтын Кладбинка ауылдық округінің әкімдігі өлген балықты жинап,жою жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлады экология департаменті.

Балықтың жаппай қырылу себебі барлық қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...