Отырарда қолөнер шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі ашылды

Бүгін Отырар ауданында «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» тақырыбындағы Халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі ашылды.

Салтанатты шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Талғат Мұханов және Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ашып берді. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Туыстас халықтар арасын жақындата түсетін, ынтымағын нығайтатын, дәстүрлі өнерін ұштастыратын халықаралық жәрмеңкенің қадірлі қонақтары Қылует музейінің директоры, Қазақстан Суретшілер және Дизайнерлер одағының мүшесі Кендебай Қарабдалов пен Тынық мұхиты Орталық Азия қолөнершілер кеңесінің вице-президенті, «Біздің мұра» қоғамдық қорының Президенті, Қазақстан Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова құттықтау сөз сөйледі.

Халықаралық жәрмеңкеде Тынық мұхиты Орталық Азия қолөнершілер кеңесінің вице-президенті, «Біздің мұра» қоғамдық қорының Президенті, Қазақстан Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі, музей ісінің ардагері Рыскүл Бекталиева, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Талғат Мұханов, Тұран-қазақ суретшілер консолидациясының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, белгілі суретші Мәлік Әділхан төрелік етеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан мемлекеттері мен еліміздің барлық аймағынан жиналған 50-ден астам тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберінің қолөнер бұйымдары қойылған. Халықаралық жәрмеңке 26 тамыз күні кешке дейін жалғасады. Қолөнер шеберлерінің озық үлгідегі туындылары әділ қазылардың шешімімен сараланып, үздік деп танылғандарына арнайы тағайындалған жүлделер табысталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: 12 жастағы Келестік оқушы smart сарқыраманың моделін құрастырды

Келес ауданында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан келешекте ақылды үйлерге арналған smart сарқыраманың ...

Жыл басынан бері Түркістан қаласында 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Бұл жайында қалалық «Мансап орталығының» Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Уалихан Тінейбайұлы тікелей эфирде баяндады. Орталықтың инстаграм және facebook парақшаларында ...