Ордабасыда инсульт орталығы ашылды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханада инсульт орталығы іске қосылды.

Аталған орталықта күрделі оталар жасалады деп күтілуде. Сонымен қатар, инсульт бөлімшесінде шет мемлекеттерден тәжірибе арттырған арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Оған қоса атаулы орталықта арнайы дағдыланған, тәжірибиелі мейірбикелер мен кіші қызметкерлер жұмыс істейді. Мекеме қызметкерлері бүгінде науқастарға емдік шараларын үздіксіз жүргізуде.

Орталық, компьютерлік томография, төсек орындар функционалды керуеттер, монитор сынды қажетті құрал-жабдықтармен толыққан.

Мұнда дәрігерлер тромболизистік терапия, нейрохирургиялық ота, ерте оңалту процедуралары, логопедтік массаж түрлерін яғни инсульттен кейінгі қалыпқа келтіретін ем дом шараларын жүргізеді. Осыған дейін Инсульт бөлімшесінде 4 нейрохирургиялық ота, 3 тромболизистік терапия емі жүргізілді.

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...