Машинаға тиеп қашып кетеді (видео)

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, алаяқтық қылмысын жасады деп күдікке ілінген ер адамды анықтады. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген тұрғынды Шымкент қаласынан ұстады.

Қызылордалық күдіктінің Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 6 миллион теңгені құрады.

Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке деректерді, банк кодтарын өзге біреуге беруге болмайды. Бірақ, адамдардың ескертулерді жадынан шығарып жіберетіндігі жаман. «Сақтансаң сақтаймын» деген нақылды ұмытып кете береді.

x

Check Also

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. 2025 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында 1 маусым — Халықаралық ...