Жалған келісіммен қаражат ұрлаған

Түркістан облысы әкімдігі ғимаратында 300-ге жуық өңір тұрғындарының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.

Осыдан 3 жыл уақыт бұрын «Яссы-Несие» ЖШС-нен төменгі пайызбен кепіл қою арқылы бірнеше шаруа қожалықтарының басшылығы, ауыл шаруашылығын және түрлі салаларды дамытуға арналған кредит алған.

Нәтижесінде шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер «Агрокредитік корпорация» АҚ-дан өздерінің берешектерін толық өтегендігіне қарамастан кепіл құжаттарын 3 жылдан бері ала-алмаған. Себебі «Яссы Несие» ЖШС шаруа қожалықтарының басшылығы кредит беру туралы жалған келісім жасау арқылы алаяқтық жолмен аса ірі мөлшерде қаражат иемденген.

Осыған наразы шаруалар Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ғимараты алдына жиналып, өзекті мәселелерін департамент басшылығына жеткізген.

Нәтижесінде 52 адамнан тұратын белсенді азаматтар «Яссы Несие» ЖШС басшылығы атына ұжымдық арыз жазды.

Департаментпен өңірдегі әлеуметтік ахуалды ушықтырмау мақсатында ұжымдық арыз негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес «Яссы Несие» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жариялануға жатпайды.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...