«CyberPol» қызметкерлері 10 тұрғынды алдаған алаяқты анықтады (видео)

Түркістан облысының полицейлері 16-18 тамыз күндері аралығында республикалық “Hi-Tech” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Бұл бағытта облыстың тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған “Cyberpol” арнайы тобы қарқынды жұмыс істеуде.

Мәселен, полицейлермен “Hi-Tech” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде бұрын тіркелген 14 қылмыстық іс ашылған. Сонымен қатар шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 10 факт интернет-алаяқтық қылмысын жасап, жасырынып жүрген тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, аталмыш күдікті жас жігіт әлеуметтік желілерге “вахталық жұмысқа тұрғызып беремін” деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған. Күдікті азаматтың қылмыстық әрекеттерінен жәбірленушілерге 1,2 млн теңгеге жуық материалдық шығын келген.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астана қаласынан жеткізілген күдіктінің бұрын дәл осындай алаяқтық жасағаны үшін сотты болғаны да анықталды,- деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

x

Check Also

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...