Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды

Түркістан облысында полицейлер екі адамды өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. Олар бір аптаға жуық уақыт іздеген еді, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адам, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушы ұсталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардан «Сайга» қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді.

Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тергеп-тексеру басталды.

Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

x

Check Also

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. 2025 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында 1 маусым — Халықаралық ...