Әр азамат несие немесе қарыз алуға шектеу қоя алатын болды (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Әр азамат несие немесе қарыз алуға шектеу қоя алатын болды (видео)

Бүгіннен бастап әр қазақстандық өз еркімен несие, не болмаса микрокрдеит ұйымынан қарыз алуға шектеу қоя алады. Ол үшін eGov.kz порталында кредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беруі керек.

Ешбір алаяқ бұдан кейін сіздің атыңызға банктен кредит рәсімдей алмайды. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл қызмет түрі ең әуелі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қосылған. Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі eGov.kz mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Айта кетейік, дәл осындай қызмет түрі бұған дейін Бірінші кредиттік бюроның сайтында, тек ақылы негізде қолжетімді еді.

© КТК телеарнасы

x

Check Also

Shymkent Creative Hub: Пространство, открывающее путь к искусству и творчеству

В настоящее время для людей, занимающихся творчеством, очень важно не только реализовывать свои идеи, но и обмениваться опытом, формируя новое ...

Хиджаб киюге рұқсат берген мектеп лицензиясынан айырылады

Мектеп формасы сәннің емес, тәртіптің талабы. Енді оқушының киіміне қойылатын талапты бұзған білім беру ұйымдарының өзіне жауап беруіне тура келуі ...