Алаяқтар сіздің атыңыздан несие алса, не істеу керек? (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Алаяқтар сіздің атыңыздан несие алса, не істеу керек? (видео)

Көкірек көзі ашық мына заманда біреудің арбауы мен алдауына түсіп, интернет-алаяқтыққа тап болып жатқандардың қатары көбейгенін естігенде еріксіз бас шайқайсыз. Егер алаяқтар сіздің атыңыздан несие алып және ол туралы сіз білмесеңіз не істеу керек?

Заңгер Венера Нұрғалиқызының жауабы.

Заңгер бірінші кезекте жеке басыңызды куәландыратын куәліктен бастап, деректеріңізді ешқандай жанға бермеу керектігін ескертеді. Сонымен қатар кредиттік тарихыңызды алып, оны жиі тексеріп тұрғаныңыз дұрыс. Егер несие рәсімделіп, сіз одан бейхабар болсаңыз, несие тарихыңыз арқылы қай банктен несие алынғандығы жөнінде біле аласыз. Банк немесе микроқаржы ұйымдарында барлық деректер сақталады.

«Банкке барып арызданыңыз! Банк өз тарапынан сізге несие туралы келісімшарт көшірмесін, оның қосымшалары мен жеке басты анықтайтын құжаттарды, сонымен қатар ақша аударылған шоттың реквизиттерін беруі тиіс. Егер банк бұл құжаттарды беруден бас тартса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана аласыз. Содан кейін барып, құқық қорғау органына барып арызданыңыз»,-дейді Венера Нұрғалиқызы.

Полицияға шағым түсірілгеннен кейін адамның жазуын танып айыратын сараптама тағайындалады. Ол кредит туралы келісімшартқа несие алушы өзі қол қоймағанын дәлелдеуге септігін тигізеді. Егер несие қарыз беретін автоматтандырылған аппараттан алынса, ол жерде бейнекамера орналастырылған. Сол бейнекамера арқылы табуға болады. Ал онлайн қарыз болса, полиция қаскөйлерді IP көмегімен анықтайды.

© Otyrar телеарнасы

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...