Алаяқтар жаңа қосымша арқылы ақша ұрлайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Алаяқтар жаңа қосымша арқылы ақша ұрлайды

Алаяқтар қазақстандықтардың шоттарынан жаңа қосымша арқылы ақша ұрлай бастады.

Алаяқтар құрбандарын тез тауып, ес жиғызбай әрекетке көшетін көрінеді. Олар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің адамдарымыз деп таныстырып, алаяқтықпен күресіп жатқандарын, жәбірленушілердің есепшоттарынан күдікті операциялар жасалып жатқанын айтады.

Олар адамдарға қасақана өтірік айтып, ақшаны үнемдеу үшін ұялы телефонға RustDesk қолданбасын жүктеп алуды өтінеді. Шын мәнінде, бұл қосымша кейіннен смартфонға және тиісінше жәбірленушінің мобильді банкинг қосымшасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Банктік қосымшаға қол жеткізген қаскөйлер жалған шоттарға заңсыз операциялар жасайды. RustDesk қосымшасы Anydesk қолданбасына балама ретінде қызмет етеді.

Интернеттегі алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, алаяқтық саны азаймай отыр.

Мәселен, қалалық полиция бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, оған телефон арқылы белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банктер қауымдастығының қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, оның банктік шотындағы күдікті операциялар туралы хабарлағанын айтқан. Азаматтың жеке деректерін нақтылаған соң, қаскүнем RustDesk қосымшасын жүктеп алуды сұрап, оның көмегімен жәбірленушіге әртүрлі банктерде жалпы сомасы 4 миллион теңге несие берген.

«Құрметті азаматтар, егер олар сізге телефон соғып, банктің қауіпсіздік қызметкері болып танысатын болса, ешкім ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайтынын және ұялы телефоныңызға келетін кіру кодтарын аударуды талап етпейтінін есте сақтаңыз. Олар ақшаны сізге бермейді, керісінше өздерінің қауіпсіз шоттарына жібереді. Айта кету керек, алаяқтар мобильді қосымшаларды пайдаланып, банктік байланыс орталықтарынан қоңырау шалу үшін өзінің абоненттік нөмірін өзгертеді. Мұндай жағдайларда телефон тұтқасын қойып, банк картасында немесе банктің веб-сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек. Алаяқтық әрекеттер анықталса, дереу полицияға хабарласу қажет», деп ескертеді полиция.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: «В основе всех достижений человечества лежит труд ученых»

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на церемонии награждения ученых Уважаемые ученые! Уважаемые участники встречи! Поздравляю вас с Днем работников науки! ...

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...