Алаяқтар енді Air Astana-ға жұмысқа кіргізіп беремін деп алдайтын болған — Xnews — ақпарат агенттігі

Алаяқтар енді Air Astana-ға жұмысқа кіргізіп беремін деп алдайтын болған

Air Astana жалған жұмыс ұсынған алаяқтардан сақ болуға шақырды.

«Делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілмен орналастырып беремін дейтін жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеміз. Мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз» дейді компанияның баспасөз қызметі.

Air Astana жұмысқа орналасудың көпсатылы процесінде транспаренттік пен адалдық қағидаларын ұстанады.

Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...