4 млн берсең, сені әкім қылам

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық жасау фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Xnews.kz соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Д. есімді азамат А-дан Кентау қаласының әкімі лауазымына жұмысқа орналастырам деген уәдемен 4 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы сұрап, оның 650 мың теңгесін алдын ала алған. Одан бөлек, аталған азамат М-дан 3,6 млн теңге көлемінде ақша алып, жалпы сомасы 4 млн теңгеге банк директоры лауазымына орналастыруға уәде еткен. Сотталушы өз кінәсін толық мойындамады. Д-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, хат-хабар скриншоттарымен, аудиохабарлама және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді», — делінген сот үкімінде.

Үкімде айтылғандай, айыпталушыға жаза тағайындау барысында келген шығынның жартысын қайтарғаны және 3 кішкентай баласының бары ескерілді.

«Сот үкімімен Д-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1, 4 тармақтарының 3-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды» деп жазылған елорда сотының ресми ресурсында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

x

Check Also

Түркістан облысы тұрғындарының 83 пайыздан астамы МӘМС жүйесімен қамтылған

Елімізде 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу басталады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан ...

2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы: Гүл өсіруші бағбан — сұлулық пен сабырдың иесі

Ол таңды құстар әнімен емес, гүл суарумен қарсы алады. Табиғаттың тынысын тыңдап, әр бүршіктің ашылуын жүрегімен сезінеді. Гүл өсіруші бағбан ...