Құжаттарын алып, несиеге тыққан — Xnews — ақпарат агенттігі

Құжаттарын алып, несиеге тыққан

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Әйел адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 500 000 теңге несие рәсімдеген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, құрығына түсірген күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижелі іздестіру барысында жергілікті тұрғын алаяқ әйел полицияға жеткізілді.

Белгілі болғандай, жәбірленуші күдіктінің мемлекеттен берілетін «Атаулы әлеуметтік көмек» шығарып беремін деген жалған сөзіне сеніп, алдын ала 50.000 теңге мен құжаттарын берген. Ал танысы оның құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеген. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...